Ағымдағы жылдың сәуір айына күшіне енетін жаңа заң, атап айтқанда азық-түлік пен электр энергиясына бөлінетін мемлекеттік субсидияы күрт қысқартуды қарастырып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оған қоса, Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадтың мәлім етуінше, елде ұлттық валюта - иран риалы деноминациялануы ықтимал. М.Ахмадинежадтың айтуынша, "артық нөльдерді алып тастау иран риалының нақты құнын белгілейтін болады».
Қазіргі таңда жергілікті валютаның айырбас бағамы 1 доллар үшін 10 мың иран риалын құрайды, 1979 жылы, Иранда революция болған кезде, 1 доллар небәрі 70 риалға бағаланатын.