Ол, мемлекет басшысының «жаңа кәсіпорын салынатын орынды бекіткенін» қуаттады, деп хабарлады Иранның Press TV телеарнасы. Президент көмекшісінің айтуынша, нысанның құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 9-ында Иран 20 пайызға дейін байытылған уран өндірісін бастайтынын жария еткен болатын. Мәліметтерге сүйенсек, ақпанның 9-11-і аралығында Натанзедегі отын байыту жөніндегі тәжірибелік қондырғыда уран-235 отынын 19,8 пайыз деңгейіне дейін байытуға қол жеткізілген. Бұл процесс МАГАТЭ инспекторлардың қатысуымен өткен. Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, медициналық мақсаттағы изотоптар өндіретін Теграндағы зерттеу реакторының жұмысын қолдау үшін Иран 20 пайызға дейін байытылған 120 келі уранға мұқтаж. Тегран реакторы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеу үшін 20 түрлі радиоизотоптар өндіреді және 20 пайызға дейін байытылған U-235 уранымен жұмыс істейді.