Иран уранды байытуға кірісті

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - Иран уранды 20 пайыз деңгейге дейін байытуға кірісті, деп хабарлады Ислам Республикасының мемлекеттік телеарнасы.

Иран өкіметі дүйсенбі күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікті (МАГАТЭ) Теграндағы ядролық орталық үшін байытылған уран өндіру жөніндегі өз жоспары туралы хабардар етті.

Иран телеарнасының хабарлауынша, уранды байыту жөніндегі жұмыстар МАГАТЭ сарапшыларының қатысуымен басталды.