деп хабарлайды Associated Press агенттігі БҰҰ-дағы дерек көзге сілтеме жасап.
2009 жылдың қазан айында МАГАТЭ Иран басшылығына байыту үшін уранды Ресейге және Францияға шығаруды ұсынған болатын. Кейіннен бұл ұсыныс Ислам Республикасының құзырына жеткізілген еді.
2009 жылдың желтоқсан айында Иранның сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки, Иран басшылығының негізінен бұл жоспармен келісетінін мәлім еткен еді. Министр Ислам Республикасының шетелге 1,2 тонна уран шығару мүмкіндігін қарастырған еді. Бірақ, енді Иран бұл ұсыныстан ресми түрде бас тартып отыр.
Иранның бұл мәлімдемесіне қатысты МАГАТЭ мен әлемдік қоғамдастықтың ресми реакциясы әзірге белгісіз.
Бірақ естеріңізге сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын АҚШ армиясының Орталық қолбасшылығы Иранның ядролық нысандарына қарсы іс-қимылдардың жоспарын әзірлегенін мәлімдеген болатын. Пентагоннан мәлім етілгендей, бұл жоспар «күтпеген жағдайлар үшін» жасалып отыр.