Иранда оппозицияның бес жақтаушысы өлім жазасына кесілді

АСТАНА.  Қарашаның  18-і. ҚазАқпарат -    Иранда  маусым  айындағы президенттік сайлаудан кейін Тегранда   өткен   үкіметке   қарсы   шерулердің бес қатысушысы  өлім  жазасына кесілді.

Жергілікті  бұқаралық ақпарат құралдарының Иранның әділет  министрлігіне сілтеме  жасап     хабарлауынша,    сотталғандардың   барлығына  «лаңкестік және  қарулы оппозициялық    топтардың   мүшелері»  деген  айыптар тағылған. 

 Associated Press агенттігі,   бұған дейін оппозициялық   наразылық     шерулері  кезінде  ұсталғандардың кем дегенде  үшеуіне осындай      үкім  шығарылғанын   хабарлап  отыр.