Биліктегілер оны қаржылай айла-амалдар және жемқорлық жолымен мемлекетке залал келтірді деп айыптап отыр. Сейсенбі күні ирандық БАҚ хабарлағандай, оны Тегерандағы «Эвин» түрмесіне қамаған.
Занджанидің есімі батыста кеңінен танымал. АҚШ пен Еуроодақ елдері оны Ислам Республикасында ядролық бағдарламаға байланысты енгізілген санкция режимін бейтараптандыруға әрекет етушілердің «қара тізіміне» қосқан, сонымен бірге мұнай сату және банк ісі бойынша күдікке алынған.
«Пресс-ТВ» телеарнасының хабарлауынша, миллиардерді қамауға алудың себептерінің бірі - Занджанидің мұнай сатудан түскен қаржыны ысырап қылуы.