Иран ІІМ-інің алдын ала мәліметтері бойынша, Рухани 22 млн 800 мың сайлаушылардың қолдауына ие болған. Ал оның басты қарсыласы - Эбрахим Раиси - 39 %-ға жуық дауыс жинады ( 15 млн 452 мың адам дауыс берген).
Президент сайлауына 40 млн ирандық қатысып, дауыс берушілер саны 70 % құрайды. Заңнамаға сәйкес, бірінші айналымда 50%-дан жоғары дауыс жинаған үміткер жеңімпаз атанады.
Хасан Рухани 68 жаста. Ол елдегі либералдық реформаларды қолдап, өзге елдермен байланысты жақсартуға уәде беріп отыр.