Иранның ұрланған бұрынғы қорғаныс вице-министрі Израиль түрмесінде табылды

АСТАНА.  Қарашаның  16-сы.  ҚазАқпарат -   Екі  жылдан  астам уақыт іздеуде    болған  Иранның  бұрынғы қорғаныс  вице-министрі   Әли Реза  Ашгари   Израиль түрмесінен табылды.

 Ирандық      бұқаралық ақпарат  құралдарына сілтеме  жасап Associated Press агенттігінің  хабарлауынша,   А.Ашгариді   ұстап,  оны Израиль мемлекетінің аумағына     жеткізуде  Израиль   арнайы  қызметтеріне    Германия мен  Ұлыбританияның барлау  органдары   көмектесті.    Ресми Тегран  мен  А.Ашгаридің   отбасының мүшелері       бұрынғы вице-министрдің ұрлану  фактісіне  орай наразылық   білдіріп  отыр.

 А.Ашгари  2007  жылы Түркияға   жасаған   жеке сапарының    барысында жоғалып  кеткен    болатын. 2009 жылдың  наурыз  айында  Германияның Қорғаныс министрлігі   иранның  бұрынғы жоғары  лауазымды шенеунігінің  қайда екенін білетінін      және   Тегранның  ядролық   бағдарламасы  туралы құнды    мәлімет беруге  әзір екенін     мәлім еткен  еді.