Ірі көлемде есірткі сатқаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға сотталды

ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен В.Евлашев есірткіні ірі көлемде сақтап, сатқаны үішн ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі «в» тармағына сәйкес мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тергеу барысында В.Евлашевтің заңсыз табыс табу мақсатында жалпы салмағы 8,15 грамм героинды сақтап, сатқаны анықталды. Айталық, биылғы 6 шілдеде ол полиция қызметкерлері сатып алушы ретінде қосқан «Марат» және «Қайрат» деген азаматтарға героинді қолма-қол өткізген. Есірткі сату кезінде ұсталған одан 2,2 грамм героин, кейін үйін тінткенде 2,52 грамм есірткі және табылған.