Бұл аса ірі мөлшердегі есірткі болып саналады. Бүгін Кедендік бақылау комитетінде аталған фактіге орай баспасөз мәслихаты болып өтті.
Кеденшілердің айтуынша, аса көп мөлшердегі есірткі Қырғызстаннан Қазақстанға қарай бет алған іші бос екі доңғалақты тіркемесі бар «ДАФ» маркалы автокөлік құралынан табылған. Оның рулінде Түркия азаматы болды. Есірткі оралған қоңыр түсті брикет автомашина кузовының жоғары қаптамасында тығылған және сыртынан бірнеше қайтара қалың жабысқақ скотчпен оралған. Жалпы тәркіленген брикеттер саны 185 дананы құрайды.
Сараптама қорытындысы табылған және тәркіленген заттың аса жоғары сапалы есірткі - апиын екендігін анықтаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 3 бабы, 259 тармағы және 4 бабы 250 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.