Қазіргі уақытта дертті анықтайтын тиімді тест жоқ. Онымен қоса, медицина қызметкерлері аурудың алдын алу жолдарын ұсына алмай отыр. Ал жаңа тест преэклампсияның белгілерін жүктіліктің 15-аптасында анықтай алады.
Егер тестің тиімділігі дәлелденсе, онда оны алдағы үш жылда дәрігерлердің арсеналына қоса алады. Әзірге клиникалық зерттеулер жүргізілуде. Олар 2016 жылы аяқталуы тиіс.
Преэклампсия көп ұрықты жүктілікте , гипертония, бүйрек, жүрек, диабет ауруларымен ауырған, семіздікке шалынғандарда жиі ұшырасады. Сондай-ақ, сырқаттың жасы 40-тан асқан аналар үшін қаупі бар.