Іс жүргізуді енгізудің жаңа ережелері сақталмаса, әкімшілік тұрғыдан жазаланады - БАМ Ақпарат және мұрағат комитетінің алқа отырысы

ӨСКЕМЕН. 16 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жақында Өскеменде ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің екі күндік көшпелі алқа отырысы аяқталды.

Республикалық кеңестің алғашқы жұмыс күнінде мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Ермек Жүсіпов сала қызметкерлеріне біраз аймақтарда жаңадан тағайындалған басқарма басшыларын таныстырып, күн тәртібінің негізгі мәселесіне көшті.

5 шілде күні ҚР Президенті Н.Назарбаев мұрағаттық құжаттама енгізудің заңнамлық нормативтеріне жаңа қосымшалар мен өзгерістерге қол қойған болатын. Бір сөзбен айтқанда, 2011 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енген жаңа талаптар барлық жекеменшік нысандағы мекемелерге қатысты. Онымен қоса, Е.Жүсіпов жаңа заңнамалық өзгерістер негізінде мұрағат және іс жүргізу ережелері сақталмаса, әкімшілік жаза қолданылатынын жеткізді.

«Енді біз мемлекеттік кәсіпорындардың ғана емес, жеке меншік кәсіпорындардың да іс жүргізуін тексере аламыз», - деп атап өтті Е.Жүсіпов.