Ішкі әскердің әскери қызметкерлері қылмыспен күреске салмақты үлес қосуда - Павлодар облыстық ІІД бастығы

ПАВЛОДАР. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - 5512 әскери бөлімінде ҚР Ішкі әскерлерінің құрылуының жиырма бір жылдығын салтанатты түрде атап өтті,

деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Әскери қызметкерлерді құттықтаған Ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Сұлтан Күсетов ішкі әскерлердің облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметтерін полицейлермен бірдей жүргізіп отырғанын атап өтті. Олардың көмегімен өткен жылы 45 қылмыскер ұсталып, 1412 құқық бұзушылық анықталды.

Кәсіби мерекеге орай ІІД-нің бастығы 5512 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Вячеслав Пак пен штаб бастығы, капитан Нұрбек Нүсіповты «Қазақстандық полицияға 20 жыл» белгісімен марапаттады.

Әскери бөлімнің офицерлер мен сержанттар тобына ІІД-нің грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.