деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы қазанның 19-ы күні Алматы қаласының Желтоқсан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алған. Онда «А 010 FC» нөмірлі «Порше Коен» көлігі «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнында 2 адам және ауруханада бір адам көз жұмған.
«Ішкі істер министрі алматылық тәртіп сақшыларының әрекеттерінің заңдылығын тексеруді Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне де тапсырды. Бұл іс министрдің жеке бақылауында», деді департамент бастығы.