Азаматтардың конституциялық құқығының бұзылғандығы туралы тағы бір оқиға қыркүйек айында болды. Үш жас жігітті ұрлық жасады деген күдікпен ІІБ Оңтүстік бөліміне әкелген. Қажетті процессуалдық рәсімдеусіз оларды бір тәулік бойы қызметтік бөлмелерде ұстап, кейін олар қамауға алу туралы хаттама жазбай тергеу жүргізген тергеушілерде үш сағат отырған.
Ұсталған жігіттер полицияның әкімшілік ғимаратында болған кезде ештеңе ішіп-жемегендерін айтқан. Олардың жақындарына полиция бөлімі ешқандай хабар бермеген. Осылайша полиция қызметкерлері ҚР Конституциясының 16 бабындағы заңды бұзды.
Заң бұзушылық фактісі бойынша облыстық ІІД бастығына ұсынба құжат жіберіліп, кінәлі полиция қызметкері қызметтік жауапкершілікке тартылды.