Елбасының өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізуге қолдау білдіріп, құптайтындықтарын жеткізді.
Әйелдер форумын өткізу жөнінде бастаманы көтергендер де облыс орталығының белсенді нәзік жан өкілдері болған. Олардың қатарында «Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская, «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» Зура Шуатаева, «Ақмола облысы мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық ұйым төрайымы Рауза Бәйкенова, «Тұмар» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы Зәмзәгүл Мырзахметова, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Соломина белсенділік танытып отыр. Жиын барысында еліміздің 19 жылда әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып, тұрғындардың әлеуеті мен мәдениеті жақсара түскенін жеткізіп, осынау ауқымды жұмыстардың басы-қасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келе жатқаны, ендігі күні өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қолдайтындықтарын білдірді.