13 маусым мен 22 шілде аралығында өткен бірінші кезең ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары бизнесті жүргізудің заманауи әдістерін, маркетингті оқыту, бизнес-әріптестермен іскер байланыстар орнату мен басқа да пәндерге бағытталған бизнес-тренингтерге қатысты. Оқуларды «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясы Астана және Алматы қалаларында іштей және дистанциядан (сырттай) жүргізді.
Оқулар кезінде жобаға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшілігімен өз кәсіпорындарын дамытудың бизнес-жоспарларын әзірледі.
Бизнес-тренинг аяқталғанда жобаның қатысушылары алған консультациялары бойынша өздігімен бизнес-жоспарларды одан әрі жетілдіріп, жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсқа қатыса алады.
Екінші кезеңде жобаға қатысушылар үшін Германия мен АҚШ-та темалық бизнес-тағылымдамадан өту көзделген. Екінші кезең 15 тамыздан басталады.
Сонымен қатар, шілденің 25-26 күндері Германияда тағылымдамадан өтетін қатысушыларды іріктеу жүргізіледі. Біріккен комиссияның құрамында ЭДСМ, GIZ халықаралық ынтымақтастық бойынша герман қоғамы, Жергілікті атқарушы органдардың, неміс оқу орталықтарының, «Даму» ТДҚ» АҚ, «Тұран-Профи» академиясының өкілдері бар.