Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген.
«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.