деп хабарлайды РСН агенттігі.
«Егер бізде еуропалық армия болса, Италия оған ұшақтар, Франция - танктер, Ұлыбритания сауытты техникалар жөнелте алады, сөйтіп біз өз ресурстарымызды оңтайландыра аламыз», деп мәлім етті Италияның Сыртқы істер министрі Франко Фраттини.
Италия дипломатиясының басшысы еуропалық мемлекеттердің бөлімшелері бірлесіп әрекет етіп отырған Ауғанстанды мысалға келтірді, сондай-ақ Еуропаның негізгі аудандарының, оның ішінде Жерорта теңізі ауданының қауіпсіздігін бақылау үшін үйлестіріліп отырған әскери-теңіз күштері мен әскери-әуе күштерінің акцияларын атап көрсетті.
Министрдің пікірінше, біртұтас қарулы күштер Еуроодақ елдеріне әскери шығыстарын едәуір үнемдеуге мүмкіндік берер еді.