Италияда «Автокөліксіз апталық» басталды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Италияның солтүстігінде «Автокөліксіз апталық» акциясы басталды. Бұл шараға елдің 169 общинасы,

оның ішінде Турин, Милан және Болонья қалалары атсалысуда. Енді селолық аудандар мен қала орталықтарында бір апта бойы тек зиянды газды тазалаудың заманауи жүйесі бар экологиялық таза машиналармен ғана жүруге болады. Бұл ережені бұзғандар үшін 78 еуро айыппұл белгіленіп отыр.

Аталмыш шара Италияның өнеркәсіптік солтүстік аймағында лас ауамен күресуге көмектесуге негізделген. Осыдан 1 ай бұрын, қаңтардың 31-інде, Миланда ауаның ластану деңгейі шамадан асып кеткен соң, автокөлік қозғалысы екі аптаға тоқтатылған еді.