Италияда француз оқушылары мінген автобус аударылды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Францияның мектеп оқушылары мінген автобус сейсенбі күні таңертең Генуя мен Флоренция арасындағы Тоскана тасжолында аударылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse сайтына сілтеме жасап.

Автобуста 63 адам: 58 оқушы, бес мұғалім және екі жүргізуші болған. Апат салдарынан үш адам мерт болды, олардың біреуі 13 жасар оқушы. Жеті адам ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, машина жолдан шығып кетіп, төрт метрлік құзға құлаған және автобустың төбесі жапырылып, аударылып түскен.