Бұл шешімі туралы итальян премьері ең алдымен телефон арқылы АҚШ Президенті Барак Обаманы хабардар етті, деп хабарлайды РБК агенттігі. Берлускони бұл жайында әлі барлық еуропалық елдердің басшыларын да хабардар етпек.
Бұған дейін Рим, Ливияның 40 жыл бойы Италияның колониясы болғанын алға тартып, НАТО операциясына тікелей қатысудан бас тартқан еді. Бірақ та Италия үкіметі БҰҰ қарарына сәйкес Ливия аспанында ұшақтарға ұшуға тыйым салынған кеңістік құруды қамтамасыз ету операциялары үшін өзінің жеті авиациялық базасын берген болатын. Енді Италияның Әскери-әуе күштері Ливиядағы әскери операцияға тікелей атсалысатын болып отыр.