«2014 жылғы қарашада пробация қызметінде есепте тұрған сотталушылардың бірі жазасын өтеуден жалтарған. Ол мемлекеттік мүлікті ұрлағаны үшін сынақ мерзімімен екі жылға шартты түрде сотталған. Тараз қ. қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің тыңғылықты әрекетінің арқасында өткен жылғы күзден бастап іздестірілуде жүрген «қашқынның» тұрғылықты жері анықталды.
Бүгін ҚАЖ қызметкерлері ІІД криминалдық полициядағы әріптестерімен бірлесіп Атырау қ. моншаларының бірінде 35 жастағы жазасын өтеушіні ұстады», - деп атап өтті Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Д. Рахымбердиев.
«Кеше Тараз қ. ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері ҚАЖ жәрдемімен пробация қызметінде есепте тұрған тағы бір жазасын өтеушіні қолға түсірді. Өткен жылғы шілдеден бастап сот қаулысымен үш жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының тұрғынына жазасын өтеуден жалтарғаны үшін іздеу жарияланған», - деп қосты Д. Рахымбердиев.