екі адам жараланды, деп хабарлады жұма күні Рейтер агенттігі.
Израиль әуе күштері Газа секторы мен Мысырдың арасындағы жерасты туннельдеріне үш соққы жасады, оқиға салдарынан екі адам жараланды. Қалған нысаналар - Газа қаласына жақын жердегі болат құю шеберханасы мен Хан Юнис қаласындағы екі учаскесі.
Израильдің Қорғаныс министрлігі әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Бейсенбі күні палестиналық жасақтар Израиль аумағына реактивті оқтұмсық ұшырып, оқиға салдарынан таиландтық бір жұмысшы қаза болған еді. Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Ансар ас-Сунна» тобы мойнына алып отыр. Бұл Газа секторында билік жүргізуші «ХАМАС» қозғалысына бағынбайтын топ және ол Иордан өзенінің батыс жағалауында билік жүргізуші ФАТХ қозғалысының жауынгерлік қанаты.
Бұл зымыран шабуылының Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі мәселені ушықтырып отырған жайы бар.