Израильдің әскери-әуе күштері Газа секторына шабуыл жасады

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Израиль авиациясы жексенбіге қараған түні Газа секторына әуе соққысын жасады. Палестинаның ВАФА ресми ақпараттық агенттігінің хабарлауынша,

Ф-16 ұшақтары   Газаның  солтүстік-шығысындағы  металл өңдеуші  шеберхананың  күл-талқанын   шығарған.   Оқиға салдарынан 5  адам жараланған.

Газаның    солтүстігі мен оңтүстігін  байланыстырушы    Салах  эд-Дин  атындағы   тас жолда      орналасқан      тағы бір осындай  шеберхана     шабуылға ұшыраған.   Онда зардап шеккендер жоқ.

Израиль  әскери-әуе күштері     палестиналықтардың  металл өңдеуші  шеберханаларын   жиі  шабуылдап тұрады,   Израиль   барлауының    мәліметтері  бойынша,  ол  шеберханаларда       зымырандар     жасалатын көрінеді.