Бастама Охананың Вашингтонда Джонсонмен кездесуі барысында жарияланды. Кездесу Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын тапсыру рәсімінің қарсаңында өтті. Биыл бұл марапат Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадоға берілуі тиіс.
Мачадоның сыйлық иегері ретінде таңдалуы Трампты басты үміткер көреміз деп күткен саясаткерлер арасында наразылық тудырған. Олардың пікірінше, Трамп 2025 жылы Газа секторындағы соғысты тоқтатуға бағытталған бастамаларымен ерекшеленген.
«Біз әлемнің барлық парламенттерінің спикерлерін Президент Дональд Трампты Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөніндегі ұсыным хатқа қол қоюға шақырамыз», – делінген Охана мен Джонсонның бірлескен мәлімдемесінде.
Олардың айтуынша, Трамп келесі жылға арналған номинацияға лайық, себебі «мемлекеттік қызметінің барлық кезеңінде бейбітшілік туын көтеріп, диалогты нығайтуға бейілділігін көрсетті және халықаралық аренада көшбасшылықтың үлгісін танытты».
«Нобель сыйлығының базалық қағидаттарына сәйкес, 2025 жылы бейбітшілікке ешкім Трамптан артық үлес қоспады деп есептейміз», – деп көрсетілген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, «тарихта бейбітшілік ісін алға жылжыту үшін Трамптан көп еңбек сіңірген адам табыла қоймайды» делінген.
Бұған дейін Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты.