Қ. Бакиев не үшін орнынан кеткенін факс арқылы түсіндірді

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Қырғызстанның уақытша үкіметі Құрманбек Бакиевтен елдің президенті тұғырынан кетуінің себебі туралы факс арқылы өтініш алды,

деп хабарлайды РБК.

Қырғызстан халқы алдындағы, елдің тұтастығын сақтау үшін жауапкершілігімді сезіне тұра және Конституцияға сәйкес орнымнан кетемін», - деп жазған өз өтінішінде Қ. Бакиев.

Қазіргі төрағасы Қазақстан болып табылатын ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) уақытша үкіметпен Қ. Бакиевтің елден кетуіне орай келісімге келді, деп хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның мәлімдеуінше, келіссөздердің оңды шешілуі - Қазақстанның, Ресей мен АҚШ-тың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Бұл ЕҚЫҰ, БҰҰ және Еуроодақтың арағайындығымен жүргізілді.