«Біздерден сатып алынатын тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 160 мың теңгені құрайды. Біз салатын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы Астана мен Алматыда шамамен 130 мың, ал өңірлерде 100-105 мың теңгені құрайды. Ал бәрін қосып, орта есебін шығарсақ ол шамамен 126 мың теңге. Демек, азаматтар шамамен бір шаршы метрге 1200 теңге төлейді. Біздің пәтерлердің аумағы 30-дан бастап 80 шаршы метрге дейін. 1 шаршы метрге 1200 теңгеден есептейтін болсақ, шамамен 50 шаршы метрге, яғни 2 бөлмеге айына 60 мың теңге төленеді», - деді ол.
Холдинг басшысының айтуынша, тек жалға алынатын пәтерлердің ай сайынғы жалдау құны сатып алу құқы берілетін пәтерлерді жалдауға қарағанда 2 есе төмен болады. Мәселен, 50 шаршы метрді тек жалға алған азамат айына 35 мың теңге төлейді. Жалға алу мерзімі 20 жылды құрайды. Ағымдағы жылы 7 мың пәтер пайдалануға берілмек. Бүгінгі күні оның 4 мыңнан астамы берілген.