Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қ.П.Қожамжаровты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы" Жарлығы
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қаңтар
№ 481