Ол бұл тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысы барысында бірқатар министрлікке жүктеді.
«Экономикалық даму және сауда, Қаржы, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне орта және шағын бизнесті анықтау критерийлерін анықтауды заңнамада қоса қарастыруды тапсырамын», - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының атап өтуінше, осыған дейін бірнеше мәрте көтерілген бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Осы орайда К.Мәсімов 2 аптаның ішінде кәсіпкерліктің әрбір тобы аясында мемлекеттік қолдау шараларын бекіту туралы шешім қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар ол өз сөзінде таяу арада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқандығын және бұл бағыттағы жұмыстарды жақсарту үшін не істеу керектігін қарастыру қажеттігін атап өтті.