БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы аясында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Беларусьтың «Дружбы народов» орденімен марапатталды.
Орденді Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков табыс етті.
Ал ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары И.Шуваловқа Қазақстанның екінші дәрежелі «Достық», ал Беларусь Үкіметінің басшысы Андрей Кобяковқа «Құрмет» орденін тапсырды. РФ Үкіметінің төрағасы Д.Медведев ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты Ресейдің «Дружба» орденімен марапаттады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.