Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов бүгін Алматыда Елбасының халыққа арнаған Жолдауын талдауға арналған кездесуде айтты.
«Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының ең үлкен мақсаты - адамның мүмкіндігін шектемеу. Қандай мамандық алады, қандай жұмыс істейді, қандай тұрмыс дәрежесінде өмір сүреді - соған қарай мүмкіндік туғызу. Бұл тұрғыда біз бүгін оқымыстылармен және жастарға тәрбие беретін жоғары оқу орындарының саясатнамадан сабақ жүргізетін мамандармен пікір алмасудамыз», - дейді Қ.Сұлтанов.
Қоғам қайраткерінің пайымдауынша, Жолдау жазылған қатып қалған қағида емес. Оны жүзеге асыру үшін атқарылар іс-шаралар нақтылануы керек. Сондай-ақ қабылданған шаралардың бекітілуінен басқа, жыл бойына не істеуіміз керек, қай мәселелерге екпін беруіміз қажет екенін ақылдасқан жөн. Жалпы Жолдаудағы міндеттерді орындауды Президент пен Үкіметке ғана жүктей салуға болмайды. Қоғамның әрбір мүшесі оған атсалысып, өзінің әл-ауқатын жақсарту арқылы Қазақ мемлекетінің мәңгілік елге айналуына үлесін қосуы қажет.