К.Тілешұлының Елбасы кітабының негізінде жазылған туындысы жарық көрді (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада халықаралық психология ғылымдары академиясының құрметті академигі, жазушы Кешубай Тілешұлының "Путь к абсолютной вечности или Книга-откровение по книге Н.Назарбаева "Эпицентр мира" деген кітабының тұсаукесері өтті.

"Елбасы Н.Назарбаевтың "Эпицентр мира" деген кітабын оқығанда бұл еңбек мен қатты толғандырды. Мемлекет басшысының ел тыныштығы үшін жасап жатқан жұмысы орасан зор, сондықтан ол саясатқа əрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сол ниетпен "Путь к абсолютной вечности или Книга-откровение по книге Н.Назарбаева "Эпицентр мира" деген кітабымды жазып шықтым. Кітапта Елбасының қазір жүргізіп отырған саясаты туралы өзімше ой өрбіттім", - дейді К.Тілешұлы.

Жазушының өзі атап өткендей, кітапта Елбасының саясаты мен ядролық қарудың қауіпті екені, ол қауіптен бас тарту үшін жаңа көзқарастарға өту керектігі жазылған. Кітап 500 данамен жарыққа шыққан жəне Астана, Алматы, Ақтау қалаларының кітап дүкендері мен кітапханаларына таратылған.

Айта кетейік, автор бұған дейін "Поиск божественной истины или путь к планетарному мышленю", "Воспеть Коран в зикруллахе", "Пантеон" деген кітаптарды жазып шыққан.