Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Биылғы жылы Меруерт Дыңбаеваның шәкірттері халықаралық бәсекелерде жоғары нәтиже көрсеткен. Сол себепті, оның бұл орынға тағайындалуы дұрыс шешім.
- Ұлттық құраманың аға бапкері болу - үлкен жауапкершілік. Бұрын мен облыс деңгейіне ғана жауап берсем, енді бүкіл ел жанкүйерлерінің алдында міндетім бар. Шілде айында Хорватияда кадеттер арасында әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Ал бірнеше күннен соң біріншілікке тыңғылықты дайындалу үшін Алматыға ұшып кетеміз. Жылдың ең басты додасына толыққанды дайындалу - басты мақсатымыз. Хорватиядағы әлем чемпионаты мен аға бапкер ретіндегі алғашқы жарысым болмақ. Шәкірттерім сенімімді ақтайды деп сенемін, - дейді Меруерт.