деп хабарлайды РБК агенттігі.
Сапар қарсаңында Мысыр сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлауынша, екі елдің көшбасшылары Таяу Шығыстағы бейбіт үдерістерді қайта жалғастыру мәселелерін талқыламақ. Бірқатар БАҚ-тардың мәліметтеріне қарағанда, Мысыр мен Израиль көшбасшыларының Каирдегі келісіссөздерінің тағы бір тақырыбы - 2006 жылдан бері тұтқында отырған израильдік капрал Гилад Шалитті палестиналық тұтқындарға айырбастауды әзірлеу жөнінде болмақшы.