Әкімдікте айтқанындай, қалалықтар мынадай: «Ата-аналар мен балалар мектеп оқушыларының тамағына қанағаттана ма?» және «Ол қаладағы қалыптасқан бағаға сәйкес келе ме?» деген екі сұраққа жауап берулері тиіс.
Әрине, әңгіме мектептердегі тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы болып отыр. Мектептердің асханаларында тегін тамақпен әлжуаз отбасылардан шыққан балалардың қамтылатыны белгілі. Мәселе, дүкендердегі және мектептердің асханаларындағы азық-түліктер бағаларының айтарлықтай айырмашылығында болып отыр.
Қала әкімшілігі мектеп оқушыларының тамақтануын жақсартумен, оның баға құраушы жағдайымен және т.б. тікелей айналысатын комиссия құрмақшы.
Мәлім болғанындай, Өскеменнің әкімі Ислам Әбішев мектептердің асханалары үшін көтерме бағаның және жоғары сапалы азық-түліктерді сатып алудың бірыңғай базасын құруды көздеп отыр.