Қалың жауған қар Украинада пойыздардың қозғалысына кедергі келтіруде

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Украинада қалың жауған қардың салдарынан 60 пойыз кешігіп жатыр, оның 37-сі- жолаушылар пойызы.

Бұл туралы  елдің  Көлік    және  байланыс министрлігіне  сілтеме  жасап РБК агенттігі  хабарлауда.

Проблемалық  учаскелерде теміржол қозғалыстарын   қалпына келтіру  жұмыстарына 10   мыңға  жуық  адам атсалысуда.

Оған   қоса,    елдің   оңтүстік-шығысындағы   Одесса, Северодонецк  және  басқа да   қалалардың   әуежайлары уақытша  жабылып  отыр.

Қалың   жауған  қар  бірқатар күре  жолдардағы қозғалыстарды  қаңтарып тастады.     Жолдарды  тазалау   жұмыстарына   3 мыңға жуық техника мен 4,5 мыңнан  астам адам жұмылдырылып  отыр.