Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, үстіміздегі тамыз айының 2-сінен бастап ҚР ІІМ әзірлеген «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу және балалар бақылаусыздығының профилактикасы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енді.
И.Лепеханың атап көрсеткеніндей, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс, кешкі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелеріне кәмелетке толмаған жастарды кіргізгені үшін аталмыш мекемелердің иелерін және лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуға құқық беретін ережелермен толықты.
Аталмыш құқықбұзушылық үшін олар 5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 120 АЕК-ға дейінгі айыппұлдық жазаға тартылатын болады. Мұндай жаза кәмелетке толмаған балаларға тиісті қадағалау жүргізбеген ата-аналар мен олардың заңды өкілдеріне де қолданылатын болады. Бірінші жолы олар қатаң ескерту алса, бұзушылық қайталанған жағдайда 5-10 АЕК-ға дейін айыппұл төлейтін болады.