Кәмелеттік жасқа жетпеген қыз бала болған мейрамхананың әкімшісіне айыппұл салынды - Атырау

АТЫРАУ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Сот шешімімен Атырауда кешкі уақытта залында кәмелеттік жасқа жетпеген азаматша болған мейрамхананың әкімшісіне айыппұл түріндегі төлету салынды.

Осындай шешімді «Анжи» мейрамханасының әкімшісіне қатысты істі қараған әкімшілік сот қабылдады. Мұнда түнгі сағат он екінің кезінде қасында заңды өкілдері болмаған 1994 жылғы кәмелеттік жасқа жетпеген қыз бала болды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 112-1 бабының 1 бөлімімен айыпталған әкімші өз кінәсін мойындады. Айыппұл сомасы 8090 теңгені құрады.