Бірер күнде ол деревняларға спортшылар ағыла бастайды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Олимпиаданың ашылуына бірер күн қалғанда, ауа райы ойынды ұйымдастырушыларды састырып отыр. Ванкуверде термометр бағамы плюс 10 градусты көрсетуде. Оған қоса, қар жетпей жатыр. Қар арнайы жүк көліктерімен елдің солтүстік провинцияларынан тасымалдануда. Бірақ та, ұйымдастырушылар, туындап отырған түйінді міндетті түрде шешетіндерін мәлім етуде.