Ұлттық метеобюроның мәліметінше, кешеден бері тіпті кей жерлерде қалыңдығы 70 сантиметрден астам қар жауған. Мұнда дауылды желдің ұйытқуы – 42 м/с.
Ньюфаундленд аралының ірі қаласы Сент-Джонс шаһарының билігі төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлады. Барлық мемлекеттік мекемелер, банктер, кеңселер мен дүкендер жабық, көшелерде тек арнайы көліктерге рұқсат етілген. Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды.
Фото: news.milli.az