Кездесуде Альберта провинциясы мен Қарағанды облысы арасындағы мал шаруашылығы саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды.
«Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласына жаңа серіктестерді тартуға мүдделіміз. Қазақстан мен Канаданың ауыл шаруашылығын дамыту жағдайлары бір-біріне ұқсайды. Канадалық тарап ұсынған генетикалық материал мен етті бағыттағы ірі қара беру бойынша серіктестік талаптары жергілікті фермерлерді қызықтырды», - деді облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов.
Канадалық бизнесмендер екіжақты ынтымақтастықтағы өз мүмкіндіктерін таныстырып, ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындар құру тәжірибесімен бөлісті. Қарағандылықтарды Канадада жыл сайын өтетін «Farmfair International» жәрмеңкесіне шақырды.