«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда мәліметінде.
18:31, 14 Сәуір 2022
Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.