Елдің барлық аумағынан келетін 180 іскер арулар мен қолөнершілер өз туындыларын жәрмеңкеге қойып, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне гендерлік теңдіктің қазақстандық үлгісінің қалай дамып келе жатқандығы туралы айтып береді деп жоспарлануда.
Жәрмеңке жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен республикадағы саяси партиялардың көшбасшылары қатысатын болады.