Оскардың сөзіне қарағанда, үшінші айқастың тағдыры Альварестің қалауына байланысты:
— Әрине, халықтың осы айқасты көргісі келетіні сөзсіз, бірақ шешімді «Канело» қабылдайды. Жақында біз кіммен жекпе-жекке шығатынымызды шешеміз, — деді Golden Boy Promotions басшысы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
«Канелоның» рингке оралуы 2 мамырға жоспарланып отыр, бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ. Ал Головкиннің келесі жекпе-жегі 28 наурызда Чикагода өтеді, қарсыласы - польшалық Камил Шеремета.