ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, аталған бәсеке 18-21 сәуір аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасының спортшылары:
Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучёв, Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва, Сергей Токарницкий, Татьяна Токарницкая, Тимур Хайдаров, Руфина Искакова, Ирина Подойникова, Ульяна Киселёва, Виктор Степанов, Артём Терещенко;
Азия чемпионатында жекелей сында финалда алтын және күміс медаль алған спортшылар Олимпиада лицензиясына ие болса, жұптық сайыста тек жеңімпаздарға жолдама бұйырады.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында елімізден 7 спортшы өнер көрсетіп, барлығы сары құрлықтың біріншілігінде лицензия жеңіп алған болатын.
Париждегі Олимпиада ойындары осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.