Аталған норма бойынша облыста -3-12, солтүстік-шығысында -17, Ал Алматыда - 5 сынап бағанасында болмақ. Сонымен қатар Алматы мен тау етегiндегi аудандарда жауын-шашын мөлшерi көбiрек болмақ.
Қаңтардың бiрiншi онкүндiгiнде Қазақстанды жайлаған аяз Алматы облысын да айналып өтпеді. Сондықтан жақын күндері сынап бағанасы түнде -20-30, күндіз -10-15-ті көрсетпек. Қаңтардың 4-6 аралығында қар көшкіні орын алып, жел күшейеді, аяз қайтып, температура түнде -12-17, күндiз - 8-13 аяз болмақ.
Екінші онкүндікте ауа температурасының көтерілуі байқалып, түнде -4-9, күндіз 0-5 сынап бағанасында болмақ. Сонымен қатар қар жауып, жолдарды көк тайғақ басуы мүмкін.
Қаңтардың 21-26 аралығында күн қайта суытып, ауа температурасы түнде -10-15, күндіз -1-6 сынап бағанасын көрсетіп, кейбір аудандарды туман басады. Ал 27-31 аралығында ауа температурасы жоғарылап, түнде -5-10, күндіз -2-3-ке дейін көтеріледі.
Маусымдық болжам бойынша ақпан айы басқа айларға қарағанда 1-2°С жылы болады деп күтілуде. Сондай-ақ таулы жерде қар жауады, ал жазық жерлерде қардың жетіспеушілігі сезілмек.
Наурызда қар жауып, соңы жаңбырмен ұласып, жел ұйытқиды. Ай басы мен соңына дейін ауа температурасының жоғарлылығы сақталып, кейде суық ауаның қайта оралуы орын алады деп күтілуде.