Қаңтар айында кәсіпкерлік нысандардан бюджетке 6,2 миллиард теңге құйылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында шағын және орта бизнестен бюджетке 6,2 миллиард теңге мөлшерінде қаржы құйылған, өсім 1,5 пайызды құрайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде өз несібесін кәсіпкерлікті жандандыру арқылы тауып отырғандар қатары өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға өсіп, 101 мың адамға жеткен. Өңірде шағын және орта бизнес саласында 35,1 мың нысан тіркелген, бұл өткен жылға қарағанда 5,7 пайызға жоғары. Сала бойынша осы уақытта 112,3 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген, өсім өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,9 пайызға тең.