Президент өз сөзінде қираған ғимараттарды қалпына келтіруге болғанымен, Қантардың жазықсыз құрбандарының өмірін қайтару мүмкін емес екенін айтты. Әрбір қазақстандық қаза тапқандарды еске алып қана қоймай, елдегі бейбітшілікті сақтауға міндетті.
«Тағзым» мемориалдық кешені енді алматылық Дәурен Біткембаевтың тағзым ететін орнына айналмақ. Ол 2022 жылдың қаңтарында әкесі мен анасынан айырылды. Олар қантар оқиғасының кездейсоқ құрбандары болды.
7 қаңтар күні кешкі 19:00 шамасында қызының үйінен шығып, өз үйіне бара жатқан 72 жастағы Қуат Біткембаев пен 63 жастағы Гүлзипа Құлсұлтанова кездейсоқ атылған оқтан қазаға ұшырап, көліктің ішінде өртеніп кеткен.
Бұл оқиғадан Дәурен Беркімбаев әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүр.
«Сол жаққа барғанда өз көлгімді танимын ғой. 50 шақты оқтың тесіктері бар. Қалған сүйектерін ағам, әпкем үшеміз жинап, екі пакетке салып үйге әкелдік. Мұндайды ешкімге тілемес едім. Шоктан басқа ештеңе сезінбейсің», - деді Даурен Біткембаев.
Редакциядан
«ҚазАқпарат» ХАА командасы Алматыда да, Қазақстанның өзге өңірлерінде де Қаңтар қасіреті кезінде қылмыскерлер мен тонаушылардың әрекетін өз көзімен көрген оқырмандарымыз аз емес екеніне сенімді. Оқырмандарымызды өз оқиғалары жайлы әңгімелеп беруге шақырамыз. Бізге мына электрондық пошта арқылы хат жазуға болады: rusred@inform.kz, kazred@inform.kz.
Бізбен әлеуметтік желілер арқылы да байланысуға болады:
Telegram: @qazaqparat_kz, @kazinform_news;
Facebook: @KazakparatKZ, @Казинформ;
Instagram: @qazaqparat_kz, @kazinform.
Қаңтар қасіреті жайлы айтылмаған оқиға қалмауы керек.
Видеодан алынған кадр