Қаңтар-наурыз айларындағы жалпы ішкі өнім ауқымы өткен жылмен салыстырғанда 97,8 пайызды құрады ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы жалпы ішкі өнімнің индекстік ауқымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97,8 пайызды құрады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметтеріне сәйкес, республикамыздағы жалпы ішкі өнім құрылымының үлесі тауар өндірісінде ? 36,3 пайызға, ал қызмет көрсету саласы бойынша - 65,8 пайызға тең болған. Сондай-ақ, есепті кезеңдегі жалпы ішкі өнімге өнеркәсіп саласының үлесі 28,2 пайызды құраса, құрылыс саласы - 5,4 пайызды көрсеткен. Ал азық-түлік пен импортқа салынған таза салық қаңтар-наурыз айларында ішкі өнімнің 4,5 пайызын құрады.